Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысы мәслихатының хатшысы сайланды

Опубликовано:

Жетісу облысы мәслихатының хатшысы болып Гүлнар Тойлыбаева сайланды
Фото: t.me/pressAlmatyregion

Бүгін, 8 маусымда Талдықорғанда Жетісу облыстық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы өтті. Жаңа облыстың мәслихатының хатшысы болып Гүлнар Тойлыбаева сайланды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, депутаттар корпусы Гүлнар Қожағұлованың кандидаттығына бірауыздан дауыс берген.

Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы еңбек жолын 1989 жылы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары Ш.Уәлиханов атындағы мектепте, Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалында саяси жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімдерінің меңгерушісі болған.

Сондай-ақ "Aманат" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бүгінгі күнге дейін "Aманат" партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды.

Еске сала кетейік, бүгін, 8 маусымда елімізде ресми түрде үш жаңа облыс құрылды.

Сондай-ақ бүгін Абай және Ұлытау облыстарында мәслихат хатшылары сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973233-zetisu-oblysy-maslixatynyn-xatsysy-sailandy/

pixel