Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы сайланды

Опубликовано:

Бауыржан Шыңғысов
Бауыржан Шыңғысов. Фото: instagram.com/akimatzhez

8 маусымда Ұлытау облысы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Кеңеске он екі депутаттың он бірі қатысып, нәтижесінде өңірдің мәслихат хатшысы сайланды. Аталған лауазымға Бауыржан Шыңғысов тағайындалды. Бұл туралы Жезқазған қаласының әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Ұлытау облысы мәслихаты тізгінін қолына алған Бауыржан Қабденұлы сессияны жалғастырып, күн тәртібіндегі тұрақты комиссиялар құрамын бекіту, мәслихат аппаратын құру сияқты ұйымдастыру сұрақтарын талқыға салды.

Бауыржан Қабденұлы Жезқазғанда дүниеге келген. Ол көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеді, соның ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімі лауазымын атқарған.

Сонымен қатар Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Айта кетейік, бүгін, 8 маусымда елімізде ресми түрде үш жаңа облыс құрылды. Сондай-ақ бүгін Абай облысы мәслихатының бірінші сессиясы өтіп, Қуаныш Сүлейменов мәслихат хатшысы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973201-ulytau-oblysy-maslixatynyn-xatsysy-sailandy/

pixel