Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықбек Тналиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Ұлықбек Тналиев
Ұлықбек Тналиев. Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Президент әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Ұлықбек Тналиев тағайындалды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ұлықбек Тналиев еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істеді.

Нұрлан Ноғаев бұған дейін осы қызметті атқарған Гүлмира Қалмұратоваға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, Ұлықбек Тналиевке бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973617-ulyqbek-tnaliev-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel