Қанат Бозымбаев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды
Опубликовано:

Қазақстан президентінің жарлығымен Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды", - делінген хабарламада.
Алматы облысының жаңа әкімі болып Марат Сұлтанғазиев тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті құжатқа қол қойды.
Сонымен қатар президент жарлығымен Ұлытай облысының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Берік Әбдіғалиұлы келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973650-qanat-bozymbaev-almaty-oblysy-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/