Тоқаевтың хатшысы: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өз қызметін жалғастыра береді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының хатшысы Руслан Желдібай Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің өз қызметінде қалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
"Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек қызметін одан әрі жалғастыра береді", - деп жазды Желдібай.
Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып 2019 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.
Еске сала кетейік, осы жылдың 8 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында жаңа үш облыс құру туралы жарлығы ресми түрде күшіне енген болатын.
Бүгін, 11 маусымда Ұлытау облысының әкімі тағайындалды.
Оған қоса мемлекет басшысының жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973661-toqaevtyn-xatsysy-qaragandy-oblysynyn-akimi-zenis-qasymbek-oz-qyzmetin-zalgastyra-beredi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.