Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Берік Әбдіғалиұлы
Фото: ult.kz

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1994-1995 жылдары – ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997-1999 жылдарда ҚР баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

1999-2001 жылдары ҚР президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2005 жылдары "Ақ жол" ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, "Саяси ағарту қоры" ҚҚ президенті болды.

2005-2006 жылдары – "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, "Атамекен" ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – ҚР президент әкімшілігінде бас инспектор, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жылдары – "Мемлекеттік тілді дамыту қоры" ҚҚ директоры.

2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.

2012 жылы – 1-ші вице-премьердің кеңесшісі.

2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР қорғаныс министрлігі.

2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР ұлттық мұражайының "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,

2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР ұлттық мұрағатының "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

Еске сала кетейік, осы жылдың 8 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында жаңа үш облыс құру туралы жарлығы ресми түрде күшіне енген болатын.

Сол күні Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы тағайындалды. Бұл лауазымды орынға Бауыржан Шыңғысов келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973646-berik-abdigaliuly-ulytau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel