Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау әкімі Тоқаевпен не туралы сөйлескісі келетінін айтты

Опубликовано:

Берік Әбдіғалиұлы
Берік Әбдіғалиұлы. Фото: facebook.com/berik.abdygaliuly

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірде бірінші кезекте шешілуі тиіс басты міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлытау облысының әкімі өңірге жақын арада президент Қасым-Жомарт Тоқаев келетінін айтты. Мемлекет басшысымен талқыланатын ең үлкен мәселе - Қызылорда-Жезқазған тасжолының құрылысы.

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, қазір бағаның өсуіне байланысты жоба құнын қайта қарау қажеттілігі туындаған.

"Жезқазғанда және жалпы өңірде ауыз су мәселесі бар. Облыста инфрақұрылым тозған. Жаңаарқа, Сәтпаев, Жезқазғанда кәріз жүйелерін, су құбырларын жөндеу қажет", - деп атап өтті өңір басшысы.

Әбдіғалиұлы бұл мәселелерді шешу үшін демеушілік қаражатты, оның ішінде өнеркәсіп алпауыттарынан да тарту жоспарланып отырғанын айтты.

"Әрине, басқа да жобалар бар. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге сұраныс артып келеді. Қаражалда жол салу және жөндеу, Ұлытауға су жеткізу қажет. Барлық мәселе бір жылда шешіле қоймайды. Біз жобаларды алдағы 2-3 жылда жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - деп түсіндірді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, Берік Әбдіғалиұлы осы жылдың 11 маусымында жаңадан құрылған Ұлытау облысының басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін белгілі болғандай, 16 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974153-ulytau-akimi-toqaevpen-ne-turaly-soileskisi-keletinin-aitty/

pixel