Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан атауы өзгертіле ме: Мемлекет басшысы жауап берді

Опубликовано:

Көк ту
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "мемлекет атауы өзгертіле ме?" деген сауалға жауап берді. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында айтты, деп жазады Ақорда Telegram арнасында.

"Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар.

Ең басты мәселе, біз тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік.

Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", - деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңадан құрылған Ұлытау облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974393-qazaqstan-atauy-ozgertile-me-memleket-bassysy-zauap-berdi/

pixel