Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Санкт-Петербург қаласына ұшып барды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Ресейге ұшып барды
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшыысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына ұшып барды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-каналында хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді", - делінген хабарламада.

Ертең түске дейін мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974477-toqaev-sankt-peterburgke-bardy/

pixel