Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің осы аптадағы жұмыс кестесі өзгерді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Борт №1 Telegram парақшасы.

"Ертең, 21 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады.

23 маусымда мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездеседі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін президенттің баспасөз қызметі 21 маусым күні мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесетінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974908-prezidenttin-osy-aptadagy-zumys-kestesi-ozgerdi/

pixel