Ералы Тоғжанов әкімдердің қымбат сағат тағуына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжіліс кулуарында қымбат сағат туралы сауал қойған журналистерден "қашқан" Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, Нұрлыбек Нәлібаев осы мәселе бойынша түсініктеме беріп үлгерген.
"Менің ойымша, онымен сөйлесуге әлі мүмкіндігіңіз көп болады. Мұндай міндет онсызда барлық әкімге жүктелген (қарапайым болуы - ред.). Өзінің функционалдық міндеттемелері аясында барлық әкім орындайды деп ойлаймын. Оған сөгіс жарияланды ма әлде жариялана ма, ол Президент әкімшілігіне қойылатын сұрақ", - деді Тоғжанов.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысы әкімінің сағатының бағасы қызу талқыға түскен еді.
Кейінірек, Нәлібаев жағдайға қатысты пікір білдіріп, сағатты мемлекеттік қызметке келмес бұрын сатып алғанын айтты. Осы ретте ол мемлекеттік қызметке дейін бизнеспен айналысқанын жеткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975353-eraly-togzanov-akimderdin-qymbat-sagat-taguyna-qatysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.