Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының әкімі желіде қызу талқыға түскен сағатына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы әкімінің сағаты қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының болжамынша, өңір басшысы суреттердің бірінде құны бірнеше млн теңге тұратын Rolex сағатымен көзге түскен. Бұған қатысты Нұрлыбек Нәлібаевтың өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді.

Облыс әкімінің айтуынша, сағатты мемлекеттік қызметке келмес бұрын сатып алған.

"Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Менің мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ шенеунік журналистер сұрақ қойғысы келгенде баспалдақпен асыға түсіп бара жатқан видеосына қатысты пікір білдірді.

Нұрлыбек Нәлібаев бұл кезде парламент мәжілісіндегі тыңдауға қатысып, жиын аяқталардан 15-20 минут бұрын сұранып, келесі іскерлік кездесуге асығып шығып бара жатқанын айтты.

"Маған бетпе-бет ешқандай журналист тікелей қаратып сұрақ қойған жоқ. Алайда баспалдақта менен өзге де адамдар болғандықтан, артымнан атымды немесе қызметімді атап қойылған сауалды естімегеннен кейін, кешігіп бара жатқан кездесуіме жылдам жүре бердім", - дейді Қызылорда облысының әкімі.

Сөз соңында өңір басшысы БАҚ өкілдерінің сауалдарына әрдайым ашық жауап беруге дайын екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974622-qyzylorda-akimi-zelide-qyzu-talqyga-tusken-sagatyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel