Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Тұяқов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Жеңіс Тұяқов
Жеңіс Тұяқов. Фото: Facebook/Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Жеңіс Тұяқов 1967 жылы өмірге келген. Білімі жоғары.

Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қаржы академиясын, AlmaU университетін бітірген, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастады.

Әр жылдарда KEGOC және басқа да ұлттық компанияларда басқарушы директоры, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, Талдықорған қаласында "ТАТЭК" акционерлік қоғамының президенті, Жамбыл және Павлодар облыстарының энергетика және ТҮКШ басқармаларының бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы болған.

2017 жылдың шілдесінен бастап бүгінге дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1975883-zetisu-oblysy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel