Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернат Сыбанқұлов еліміздің Бас көлік прокуроры лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Ернат Сыбанқұлов
Ернат Сыбанқұлов. Фото: Бас көлік прокуратурасы

Ернат Сыбанқұлов Бас көлік прокуроры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми сайтында.

"Бас прокурордың бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов Бас көлік прокуроры лауазымынан басқа қызметке ауысуына байланысты босатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Ернат Сыбанқұлов 1973 жылы туған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1995 жылы Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб, Медеу аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының, Алматы қаласы Алмалы, Медеу аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облысының прокуроры қызметін атқарған.

2019 жылы еліміздің бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Жалпы Ернат Сыбанқұловтың прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 23 жылдан астам.

Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. II дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977410-ernat-sybanqulov-elimizdin-bas-kolik-prokurory-lauazymynan-bosatyldy/

pixel