Ернат Сыбанқұлов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды
Опубликовано:
Ернат Сыбанқұлов еліміздің бас көлік прокуроры атанды. Бұрын ол Атырау, Жамбыл және Алматы облыстарында қызмет еткен деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Ернат Сыбанқұлов Қазақстанның бас көлік прорурор болып тағайындалды Ернат Сыбанқұлов Қазақстанның бас көлік прорурор болып тағайындалды](https://cdn.nur.kz/images/1120/de050b8d2f7eb208.jpeg)
Ернат Мұхамедқалиұлы Сыбанқұлов 1973 жылы 21 маусымда Алматы облысы Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
- Үйленген, төрт баласы бар.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетті "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
- Еңбек жолы 1995 жылы Алматының Мәскеу ауданыны прорукорының көмекшісі ретінде бастаған. Бұл қызметті 1997 жылға дейін атқарды.
Әртүрлі жылдарда келесі қызметтерді атқарған: Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының бас көмекшісі (1997-1998); Алматы қаласының Медеу және Түрксіб аудандарының прокурорларының орынбасары; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры; Алматы қаласының Алмалы және Медеу ауданының прокуроры; Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары (1998-06.09.2012); Жамбыл облысы прокуроры (06.09.2012-08.2017).
2017 жылдың тамызынан бері Атырау облысының прокуротурасына басшылық еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788438-ernat-sybanklov-kazakstanny-bas-klik-prokurory-bolyp-tagajyndaldy/