Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапкершілік үлкен": Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жалақысы қанша

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айлық жалақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Көлгіновтің жуырдағы сұқбатын еске түсірді. Онда елорда басшысы жалақысының мөлшері екі миллионға жуық теңгені құрайтынын айтқан еді.

"Біз бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердік. Тағы да жауап беремін, бұл жерде мәселе ашық, біз ештеңені жасырмаймыз: сайтта әкімнің, әкім орынбасарының жалақы мөлшері көрсетіледі. Біз құпияда сақтамаймыз.

Жауапкершілік өте үлкен екенін айтқым келеді. Мысалы, қала бюджеті шамамен 800 миллиард теңгені құрайды.

Білім басқармасының бюджеті - 120 миллиард теңге. Басқарма басшысы 600 мың теңге алады. Бұл үлкен жауапкершілік, менің ойымша, еңбек ақы төленуі тиіс", - деп жауап берді елорда әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1977644-zauapkersilik-ulken-nur-sultan-qalasy-akiminin-zalaqysy-qansa/

pixel