Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері келіссөз жүргізді (фото)

Опубликовано:

Тоқаев пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері келіссөз жүргізуде
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен келіссөз жүргізуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа ілтипат білдіріп, шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне алғыс айтты.

Қазақстан президентінің айтуынша, мемлекет басшысы ретінде Сауд Арабиясына алғаш рет келгендіктен, бұл сапардың маңызы зор. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

"Сауд Арабиясы – Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған елдердің бірі. Осы кезеңде түрлі бағыттағы ынтымақтастығымыз нығая түсті. Қазір қазақ-сауд қатынастары жоғары деңгейде. Дегенмен, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді. Бұл – елдеріміздің мүддесіне сай келетін ортақ шешім. Біздің өзара тиімді байланыстарымыз нығая береді деп сенемін", – дейді мемлекет басшысы.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан Сауд инвесторлары үшін өзара мүддені көздейтін түрлі перспективті салалар бойынша ерекше шарттар мен кең көлемде артықшылықтар ұсынуға дайын.

Тараптар өзара тауар айналымын едәуір арттыруға ниетті екенін және жуық арада екі ел үкіметтерінің бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыратынын нақтылады.

Тоқаев пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері келіссөз жүргізуде
Фото: Ақорда

Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд елдеріміз арасындағы қатынастар деңгейі жақсы екенін атап өтіп, оны әрі қарай нығайтып, дамыту үшін мүмкіндіктер мол екенін айтты. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет екеніне тоқталды. Оның сөзінше, бұл ретте Қазақстан мен Сауд Арабиясының бизнесмендерін біріктіретін Іскерлік кеңестің рөлі зор болмақ.

Тақ мұрагері мемлекет басшысының ресми сапары аясында өтетін Инвестициялық дөңгелек үстелге корольдіктің ірі компанияларының өкілдері қатысатынын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры үйлестіретін бірқатар жоба бойынша бірлескен жұмыс маңызды саналады.

Атап айтқанда, Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд корольдіктің компаниялары Қазақстанның аграрлық саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл бағыт жаһандық азық-түлік дағдарысы жағдайында аса өзекті бола түседі.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев тақ мұрагерін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мұхаммед бен Салман бұл шақыруды қуана қабылдайтынын айтып, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты нәтижелерін талқылау үшін Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.

Кейін корольдің "Қаср Ас-Салам" сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1979916-toqaev-pen-saud-arabiyasynyn-taq-murageri-kelissoz-zurgizdi-foto/

pixel