Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласы полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындаулар болып, Орал қаласының полиция басқармасына жаңа басшысы келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Орал қаласы полиция басқармасының басшысы қызметіне бұрын Алматы қаласы полиция департаментінде қызмет арқарған Сағындық Аяғанов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаменті басшыларының жаңа орынбасарлары тағайындалған болатын.

Одан бөлек, Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов қызметінен босатылғанын жазған едік.

Ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1981942-oral-qalasy-policiyasynyn-zana-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel