Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев еңбек демалысынан оралды

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Facebook/ Берік Уәли

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды, деп хабарлайды БОРТ №1 Telegram-каналы.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққан еді. Президенттің демалысын нақты қай жерде өткізгені белгісіз.

Айта кетейік, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында 4 күндік демалыс алған болатын. Сол кезде президенттің баспасөз хатшысы президенттің ел аумағында демалатынын хабарлады.

Ал өткен жылы мемлекет басшысы еңбек демалысын Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында өткізді.

Оның баспасөз хатшысы Тоқаевтың демалыста түскен суреттерін жариялады. Осы кезде де президент небәрі 4 күн - 13-16 шілде аралығында демалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982323-toqaev-enbek-demalysynan-oraldy/

pixel