Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

Опубликовано:

Нұрдәулет Қилыбай
Нұрдәулет Қилыбай. Фото: Ақтау әкімдігінің ресми сайты

Ақтау қаласының әкіміне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын нашар ұйымдастырғаны үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 9 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аппарат отырысында қалалар мен аудандардағы санитарлық тазалау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі қаралған.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, Ақтауда елді мекендердің санитарлық жағдайы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті.

Маңғыстаудың тарихи-мәдени және табиғи көрікті жерлерін туристер де, тұрғындар да тамақ қалдықтарымен ластайтыны баса айтылды.

Сондай-ақ соңғы кезде облыс орталығы тұрғындарынан қоқыс жиналып жатқанына байланысты шағымдар да көбейген. Тұрмыстық қатты қалдықтардың әлі де уақтылы шығарылмауы жақын маңдағы Мұнайлы ауданы мен Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғындарын да алаңдатып отыр.

"Елді мекендердің санитарлық жағдайы алаңдатады. Ақтау қаласының ластануына жол бермеу керек. Telegram чатына түскен арыз-шағымдардың басым бөлігі қоқыстың жиналу және шығару мәселесіне қатысты. Қалдықтардың уақтылы жиналмауы қаланың көркі мен тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Бұл қала әкімінің жұмысын дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесі", - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін облыс басшысы Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, оның орынбасары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1982441-aqtau-qalasynyn-akimine-sogis-zariyalandy/

pixel