Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды
Опубликовано:

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып 2019 жылғы 17 маусымда тағайындалған еді.
Биылғы жылдың 11 қаңтарында ол премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып қайта тағайындалды.
Одан бөлек Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қаржы министрі, Астана қаласының әкімі (қазіргі Нұр-сұлтан) сынды түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1983266-baqyt-sultanov/