Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге ұшып келді (видео)

Опубликовано:

Президент Сочиге келді
Видеодан кадр: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына келді, деп хабарлайды БОРТ1 Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 тамызда жұмыс сапарымен Сочиге баратыны хабарланған еді.

Сол кезде президенттің баспасөз қызметі Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984018-toqaev-zumys-saparymen-socige-keldi-video/

pixel