Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сочиге барған Тоқаевты Путин қалай қарсы алды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Telegram/Bort_01

Сочи қаласына жұмыс сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин қошеметпен күтіп алды, деп хабарлайды БОРТ1 Telegram-арнасы.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-арнасында Ресей көшбасшысының Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу сәтінен видео жариялады.

Видеодан Владимир Путиннің мемлекет басшысын құшақ жая қарсы алғанын байқауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Ресейдің Сочи қаласына барғанын хабарлаған едік.

Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984041-socige-kelgen-toqaevty-putin-qalai-qarsy-aldy-video/

pixel