Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ульянов облысында болған жол апатынан қырғыз азаматтарының қаза табуына байланысты Садыр Жапаровқа көңіл айтты, деп хабарлайды президенттің ресми БОРТN1 Telegram арнасы.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз республикасы азаматтарының Ресей федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға елдің Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты көңіл айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984276-toqaev-qyrgyzstan-prezidentine-konil-aitty/

pixel