Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті орденмен марапаттады

Опубликовано:

Тоқаев пен Алиев
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Борт №1" Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Естеріңізге салсақ, бүгін, 24 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет ресми сапармен Әзербайжанға барғанын жазған болатынбыз.

Сапар аясында мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екі жақ бірқатар құжаттарға қол қоятыны да айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984613-toqaev-azerbaizan-prezidenti-ilxam-alievti-ordenmen-marapattady/

pixel