Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.

Бірлескен отырыс 1 қыркүйекте сағат 11.00-де елордада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984937-toqaev-1-qyrkuiekte-qazaqstan-xalqyna-zoldauyn-zariyalaidy/