Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Опубликовано:

Парламент отырысы
Көрнекі фото: primeminister.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды. Бұл туралы парламенттің ресми сайты хабарлады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған.

"Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

Айта кетейік, бұл парламенттің жаңа сессиясының алғашқы отырысы болмақ. Парламенттің VII шақырылымының II сессиясының жұмысы 30 маусымда аяқталған еді. Содан кейін депутаттар демалысқа кеткен.

Сессияның жабылуында сөйлеген сөзінде Қошанов каникулдан оралғаннан кейін депутаттарға конституциялық реформаға қатысты 20 жаңа заң әзірлеп, қабылдауды, сондай-ақ зейнет жасын қарау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет болатынын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1984768-mazilis-toragasy-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysyn-saqyrdy/

pixel