Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын қайдан көруге болады
Опубликовано:

1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жасайды. Осы орайда президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми "Борт N1" арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын қайдан көруге болатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сонымен қатар президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайтынын, жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналатынын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985435-toqaevtyn-qazaqstan-xalqyna-zoldauyn-qaidan-koruge-bolady/