Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Еске сала кетейік, Серік Жұманғарин таяуда ғана премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған еді.

Ол бұл қызметте Бақыт Сұлтановты алмастарды.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985879-serik-zumangarin-vice-premer-sauda-zane-integraciya-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel