Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев президенттіктің жеті жылдық мерзіміне сайлана ала ма: Әділет министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәжіліс кулуарында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттіктің жеті жылдық мерзіміне сайлана ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алма Мұқанова бұл бірқатар факторға байланысты екенін айтты.

"Біріншіден, бұл тиісті заң жобасының президент сайлауының күніне дейін енгізілуіне және оны қабылдау "дейін" немесе "кейін" болатынына байланысты болады. Сондай-ақ, заң жобаларының өзінде бар осы нормаларды қолданысқа енгізу мерзіміне байланысты", – деп атап өтті ол.

Ол сондай-ақ мүмкін механизмді ұсынды.

"Егер тиісті заң жобасы қыркүйек айында парламентке енгізіліп, қазан айында қабылданып, ал сайлауды қараша айына белгілейтін болсақ, бұл ретте заңның өзі қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, ал жаңа президент сайланған кезде ол Конституцияның жаңа баптарын басшылыққа алады – бұл бір ретке жеті жыл", – деді Әділет вице-министрі.

Жалпы, оның айтуынша, бұл шараларды жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет.

"Бұл ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді, өйткені Конституцияның "Президент туралы" бөлімінде өкілеттік мерзімі бес жыл деген нормалар бар. Сондай-ақ, екі реттен артық емес сайлануға болатын жеке бап бар. Бұл екі ережеге тиісті өзгерістер енгізілуі керек... Екі нұсқа бар. Біріншісі, республикалық референдумға шығару. Екіншісі, Конституцияға өзгерістер енгізетін заң жобасын тікелей парламентке енгізу", – деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, кеше, 1 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында биылғы күзде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Ол елде президенттік мерзімін қайта сайлау құқығынсыз небәрі 7 жылға белгілеуді ұсынды. Сонымен біргемемлекет басшысы бұл оның қазіргі президенттік мерзімін қысқартатынына қарамастан, сайлауға қатысуға дайын екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985928-toqaev-prezidenttiktin-zeti-zyldyq-merzimine-sailana-ala-ma-adilet-ministrligi-zauap-berdi/

pixel