Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл туралы президент Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына қатысуға дайын екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.

"Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік.

Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985703-qazaqstanda-kuzde-kezekten-tys-prezident-sailauy-otedi/

pixel