Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Назарбаевтың сайлауға қатыса алатынын айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мәжілістегі БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен парламент сенатының экс-спикері Дариға Назарбаева кезектен тыс президенттік сайлауға қатыса ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сауалды БАҚ өкілдері қойды.

"Әрине, ол қатыса алады. Нұрсұлтан Назарбаев та қатыса алады", - деп қысқа жауап берді Шавхат Өтемісов.

Жалпы, оның айтуынша, президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады.

Алайда бұған дейін Әділет вице-министрі Алма Мұқанова бұл сұраққа қатысты пікір білдірген болатын. Ол Ата заңға өзгерістер енгізілгенін атап өткен.

"Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, Ата заңнан президент болып қатарынан екі реттен көп емес сайлану талабы тұңғыш президентке қатысты емес деген норма алынып тасталды", - деді ол.

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті сайлауына қайта қатыса алмайтынын атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986603-ortalyq-sailau-komissiyasynyn-musesi-nazarbaevtyn-sailauga-qatysa-alatynyn-aitty/

pixel