Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Опубликовано:

Парламент ғимараты
Парламент ғимараты. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды заң шығарушы органның ресми сайты.

"Қазақстан республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2 тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10-да Нұр-сұлтан қаласында шақырылсын", – делінген өкім мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады.

VII сайланған парламенттің үшінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы 2023 жылы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жолдау барысында ол Қазақстанда қайта сайлану құқығынсыз жеті жылға "бір реттік президент сайлауын" енгізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987781-qosanov-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysyn-saqyrdy/

pixel