Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысуда. Ал Жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналмақ.

Жолдауды президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы биыл 16 наурызда халыққа Жолдау жасаған еді. Сол күні президент елде жаңа облыстарды құру туралы ұсыныс жасады, суперпрезиденттік басқару формасынан алыстауды ұсынды, сондай-ақ ол ел президентіне, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарына қатысты басқа да реформалар туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985655-toqaevtyn-qazaqstan-xalqyna-zoldauy-bastaldy/