Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсынысты мақұлдады

Опубликовано:

елорда
Қазақстанның астанасы. Фото: pixabay.com

Сенат пен мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Атын өзгертуге кететін қаржылық шығындарға қатысты Әділет министрі Қанат Мусин қала атауы бар көшенің маңдайшалары мен белгілері шұғыл түрде өзгертілмейтінін, сондықтан қосымша шығын болмайтынын түсіндірді.

"Қаржылық шығындарға келетін болсақ, қалалық мәслихат астананың атын өзгерту мәселесін қарау кезінде қосымша шығын болмайтынын айтты.

Көше атаулары мен маңдайша белгілерін шұғыл өзгертудің қажеті жоқ, барлық үдерістер жоспарланған бюджет бойынша жүзеге асады.

Сонымен қатар бүгінде құжат айналымы негізінен цифрлық форматта болғандықтан, қосымша шығындар болмайды", - деп түсіндірді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988138-parlament-astananyn-buryngy-atauyn-qaitardy/

pixel