Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың бас мешітінде жұма намазға қатысты (фото, видео)

Опубликовано:

Елбасы
Елбасы бас мешітте жұма намазға қатысты. Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Бүгін, 16 қыркүйек күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы бас мешітте болды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында хабарлады.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев елорданың бас мешітіне жұма намазға келді. Мешітте тұңғыш президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрметті қонағы "Әл-Азхар" университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебке ілтипат білдірді", – делінген хабарламада.

Назарбаев
Елбасы бас мешітте жамағатпен жұма намаз оқыды. Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Сондай-ақ Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың мешітке келген сәтінен видеоны бөлісті.

Видеодан мешітке келгендердің бірі "Нұреке, біз сізді жақсы көреміз!" деп айқайлағанын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тұңғыш президент Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің 12 тамыз күнгі салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген болатын.

Аумағы шамамен 10 гектар болатын мешіттің ашылу рәсіміне Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген дін өкілдері де қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988248-nursultan-nazarbaev-elordanyn-bas-mesitinde-zuma-namazga-qatysty-foto-video/

pixel