Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын ресми түрде Астанаға ауыстырды

Опубликовано:

"Бәйтерек" монументі, Астана
"Бәйтерек" монументі: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қаласының атауы ресми түрде Астана болып ауысты. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы" Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Ақорданың ресми сайты Қаулыны жариялады.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988315-toqaev-nur-sultan-qalasynyn-atauyn-resmi-turde-astanaga-auystyrdy/