Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті

Опубликовано:

Тоқаев пен Питер Маурер
Тоқаев Питер Маурермен кездесу өткізді. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Питер Маурермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

Жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп жатқан Питер Маурерге ұйымды басқарған соңғы он жылда табысты жұмысы мен біздің елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

Питер Маурер өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.

Халықаралық ұйым төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді.

Создай-ақ президент Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988772-toqaev-xalyqaralyq-qyzyl-krest-komitetinin-prezidentimen-kezdesti/

pixel