Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеуде. Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысады. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының төрағасы Чаба Кёрёши пленарлық отырысты ашып, жүргізеді.

Мемлекет басшысы Нью-Йорк уақыты бойынша шамамен 11.45-12.15-те сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келген еді.

19 қыркүйекте президент америкалық ірі компаниялардың басшыларымен, жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен, әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988755-toqaev-buu-bas-assambleyasy-sessiyasy-zalpy-debatynda-soz-soileidi/

pixel