Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов және БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян. Фото
Әлихан Смайылов және шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян. Фото: Telegram/Ukimet

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен араб әмірліктеріне ресми сапары аясында "Әл-Бахр" сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Үкімет басшысы БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтқан, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай облысындағы өртке тракторшы кінәлі деп танылды

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өткен.

"Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен араб әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз", — деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек премьер-министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтқан.

"Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар премьер-министр БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 млн доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтқан.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен араб әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өткен.

"Мен екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын толық қолдаймын", — деген БАӘ президенті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988820-qostanai-oblysyndagy-ormandy-qalpyna-keltiruge-zumsalady-baa-qazaqstanga-1-mln-dollar-koleminde-komek-korsetti/