Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен аумақ қалай қалпына келтірілуде (фото)

Опубликовано:

Қостанай облысы
Фото: NUR.KZ

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында қыркүйек айының басында орын алған ірі өрттердің салдарын жою қарқын алды. Аудан орталығында баспанасынан айырылған тұрғындарға үй салынып жатыр. Өрттен зардап шеккендер еріктілер мұқият сұрыптап жинаған гуманитарлық көмекке арқа сүйеуде, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

10 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қостанай облысында бір аптадан астам уақыт бойы сөндірілмеген өрттің салдары жойылғанын хабарлады. Өрттің жалпы аумағы 43 мың гектарды құрады. Ведомствоның мәліметінше, өрт салдарынан екі елді мекендегі 91 тұрғын үй қирап, зақымданған.

Қостанай облысы
Фото: NUR.KZ

NUR.KZ тілшісі Әулиекөл ауданында өрт ауыздықталғанына бір аптадан аса уақыт өткенде болып қайтты.

Тұрғындары облыс орталығындағы мектептерге көшірілген Аманқарағай ауылында өртенген үйлердің қалдықтары сүріліп, қоқыстар шығарылуда. Оған Қостанай облысының барлық елді мекендері көмектесуде.

"Өрт салдарын жоюмен алтыншы күн айналысып жатырмыз. "ССГПО" АҚ, "Рахат" ЖШС, "Рудный Водоканал" және "Рудный жылу желісінің" қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорындар 11 техника мен жұмыс күшін тегін берді. Бізде үшеуі бар. Жүк тиегіштер, жеті самосвал және бір бульдозер. Жұмысшылар өртенген үйлерді бұзып қана қоймай, баспанасы аман қалған, шаруа қожалықтары жанып кеткен азаматтарға да көмектесуде. Олар көбіне қоқыс шығаруға көмек сұрайды. Әрине, бәрі алға ұмтылады”, - дейді Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің кеңесшісі Мирас Жетенов.

Ал ауыл тұрғындары үйлердің қирандыларының астынан заттарын аршып алуда. Сондай-ақ облыс орталығындағы жаңа үйлердің құрылысының аяқталуын күтуде.

Александр Клименко Аманқарағайда 23 жыл тұрғанын, бұл жерден көшкісі келмейтінін айтады. Осы жазда өртке тура бір ай қалғанда үйіне газ бен су әкеліпті. Газға миллион теңге, суға 200 мың теңге жұмсаған. Ер адам бұл жеңілдіктерді пайдаланып үлгермеді: оның үйі өрттен қатты зардап шекті. Көрші тұрған Александр Васильевичтің анасының үйі де өртеніп кетті.

"Бізге өрт келе жатқанын айтқанда, олар бізге тек құжатты алып жүруді бұйырды. Қалғанын сақтап қала аламыз. Ауылдан шыққанда жолдың бәрі түтінге оранып қалыпты. Жолда бұлан, елік, ешкі секілді жануарлар жатты. Олардың бәрі тұншығып қалды. Түтіннен ғана өтіп қоймай, жануар өлексесін айналып өту керек болды. Үйіңнің өртеніп кеткені өкінішті, бірақ өмір қымбатырақ. Ең бастысы, бәріміз аманбыз. Әрине, ауылымызда қалғымыз келеді, бірақ амал жоқ. Алда қыс. Аудан орталығынан үй салып жатыр, сонда тұрамыз деген сөз. Оның үстіне өртенген үйдің орнына салу жақсы нышан емес", - дейді Александр Клименко.

Қостанай облысы
Фото: NUR.KZ

Әулиекөл ауданының орталығында өрттен зардап шеккендерге арналған 91 тұрғын үйдің құрылысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Әр үйдің ауданы 100 шаршы метр, жер телімі 10 сотық болады. Жаңа үй салуға 12 гектар жер бөлінген. Құрылысқа бірнеше мердігер компания жұмылдырылған. Үйлер екі айдың ішінде салынуы керек. Өткен аптада үкімет басшысы Әлихан Смайылов құрылыс алаңын көріп қайтты.

"Біз бұл құрылыс алаңына алғашқы күндерден-ақ кірістік. Алдымен 14 үй берді, сосын тағы үш үй берді. Үйлерді белгіленген мерзімде тапсырамыз. Біз үшін бұл жоба түсінікті, толық жоспарланған, жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша жүріп жатырмыз. Бүгін бізге терезе жасаушылар мен электриктер келеді. Сылақшылар ертең келеді. Осындай үйлер біздің аймаққа және климатымызға сай. Олар жылы болады. Газбен жылыту бар. Барлық коммуникациялар орталықтандырылған, – дейді "БК-Строй" ЖШС бас инженері Сергей Сон.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қазбек Уразбаев өрттен айыққан азаматтар аудан орталығындағы жаңа үйлер туралы хабарға қуанғанын айтады. Олардың көпшілігі осында жұмыс істеу үшін қатынап та жүрген. Жаңа үйлер салынып біткенше, өрттен зардап шеккендер гуманитарлық көмекке сенеді. Қазір қабылдау пункті Әулиекөлдегі "Болашақ" стадионынан Аманқарағайдағы ескі мектеп ғимаратына көшірілді. Айтпақшы, өрттен зардап шеккендер ғана емес, аз қамтылған және көп балалы отбасылар да көмек сұрай алады.

қостанайлық ерікті
Фото: NUR.KZ

"Мен кәсіпкермін, өзім үшін жұмыс істеймін. Сондықтан күндіз жұмыс уақытында осында болуға мүмкіндік бар. Бұл жерде көмек өте қажет. Біз күніне 75-80 адам қабылдаймыз. Жаңа ғана адамдар келіп, азық-түлік пен киім-кешек алды. Әкімдіктің тізімдерін тексеріп жатырмыз. Өрттен зардап шеккендер де, аз қамтылған азаматтар да бар. Қазір адамдар негізінен азық-түлік алып жатыр. Бірінші кезекте тез бұзылатын заттарды таратып жатырмыз, сосын басқасын. Тұрмыстық химия жетіспейді. Мүлігі жартылай өртеніп кеткендер де өтініш жасайды. Сондай-ақ төсек-орын жабыны да қажет", - дейді Евгения Копп есімді ерікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988542-qostanai-oblysynda-ortten-zardap-sekken-aumaq-qalai-qalpyna-keltirilude-foto/

pixel