Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда президенттікке үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Опубликовано:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық сайлау комиссиясының отырысында елдегі президенттік сайлауға дайындықтың күнтізбелік жоспары талқыланды. Онда президенттікке үміткерлердің мемлекет басшысы лауазымына қашан ұсынылатыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, президенттікке үміткерлерді ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 23 қыркүйектен басталып, осы жылдың 11 қазанында сағат 18:00-де аяқталуға тиіс.

"Сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім сайлаушылар жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының мүшелері", - деп түсіндірді Петров.

Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келетін-келмейтінін ОСК 5 күнге дейінгі мерзімде анықтайды. Кандидат өзін ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестік жиналысы хаттамасынан үзінді көшірмені, сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішті және сайлау жарнасының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

Сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Сайлау жарнасы кандидатқа егер ол лауазымға сайланса немесе кемінде 5 пайыз дауыс алса, қайтарылады.

Еске сала кетейік, кеше кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн белгілі болды. Сайлау 20 қарашаға белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989070-qazaqstanda-prezidenttikke-umitkerlerdi-usynu-23-qyrkuiekte-bastalady/

pixel