Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20,5 миллиард теңге": ОСК мүшесі президент сайлауын өткізу үшін шамамен қанша қаражат кететінін айтты

Опубликовано:

Калькулятормен ақша есептеп отырған әйел
Есеп-қисап. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина ведомство отырысында елімізде алда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұстафинаның сөзінше, шығыстар негізінен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшелерінің еңбекақы қорына және ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты.

"2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 000 теңге болды. Бұл сайлау науқанына арналған сметадағы үлкен өзгеріс ең алдымен кез келген науқан сметасының 80 пайызын құрайтын жалақы қорымен байланысты.

Бүгін біз Қаржы министрлігіне сайлауалды науқанға жұмсалатын шығындардың шамамен сметасын ұсындық, қазір біз оны 20,5 миллиард теңге көлемінде деп талқылап жатырмыз.

Сонымен қатар жаңа облыстар мен жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты сайлау жәшіктерін сатып алуға және жарамсыз болып қалған сайлау жәшіктерін ауыстыруға белгілі бір соманы сұрадық", деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ Сәбила Мұстафина елімізде сайлау жәшіктерін дайындау бойынша төрт компания жұмыс істейтінін және олардың бағасы 72-ден 114 мың теңгеге дейін өзгеріп отыратынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 20 қарашасында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Қазақстан президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989109-qazaqstanda-sailau-otkizu-usin-osk-20-milliard-tengeden-astam-qarzy-surady/

pixel