jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "ЭЦҚ бәрін шаршатқанын мойындаймын": Мусин электронды құжатқа қол қоюдың жаңа тәсілі туралы мәлім етті

    Бағдат Мусин
    Бағдат Мусин. Фото: instagram.com/bagdatmussin

    Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин электронды құжаттарға қол қоюда ЭЦҚ-ның орнына QR-қолтаңбасын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бағдат Мусин электронды құжаттарға қол қоюдың жаңа тәсілі туралы мәлім етті.

    "Шындығында, ЭЦҚ бәрімізді шаршатқанын мойындаймын. Оны бір жерге барып алу керек, арнайы қосымшаларды орнату керек, тағы басқасы... Бұл Цифрлық даму министрі ретінде маған ұнамайды. Сондықтан, осында отырған адамдардың арқасында QR кеңінен қолданыла бастады.

    EGov Mobile-ды ашып, жай QR қолтаңбасы арқылы QR кодты көрсетіп, қол қоюға болады. ЭЦҚ-ны сақтаудың, флэш-дискке, компьютерге жазып алудың қажеті жоқ. eGov Mobile клиенті болған кезде, біз бәрін автоматты түрде шештік", - деді министр.

    Бұл ретте ол қазақстандықтардың электронды кілттері қауіпсіздікте сақталатынын және адамдар QR арқылы электронды құжаттарға қол қоя алатынын атап өтті.

    "Электронды қолтаңбаны шынын айтқанда, адамдар әлі де түсінбеуде. Қанша қол қою керек, тағы қаншасын шығару керек, қанша рет халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек, сондықтан QR қолтаңбасын қолдану бірден өз әсерін береді, сонымен қатар ол жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де, өнеркәсіп және технологиялық платформалар үшін де пайдасын тигізеді. Өйткені адамнан ЭЦҚ талап етілмейді, оның қалай және қай жерде берілгеніне көз жеткізудің қажеті болмайды", - деп түйіндеді сөзін министр.

    "ЭЦҚ бәрін шаршатқанын мойындаймын": Мусин электронды құжатқа қол қоюдың жаңа тәсілі туралы мәлім етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.