Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір Қазақстан азаматы президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Жарияланған күні:

Мейрам Қажыкен
Мейрам Қажыкен. Фото: aiu.kz

"Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі Мейрам Кажыкенді елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған. Мұны Мейрам Кажыкеннің өзі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Өткен аптада "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінде жиын болып, кезектен тыс өтетін президент сайлауына менің кандидатурам ұсынылған болатын.

Ұйым мүшелері қолдап дауыс берді. Ертең Орталық сайлау комиссиясына барып, үміткер ретінде тіркелу жұмыстарымен шұғылданамын", - дейді Мейрам Қажыкен ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

"Астана" Халықаралық ғылыми кешенінің экономикалық зерттеу институтының мәліметінше, Мейрам Қажыкен 1961 жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

Жұмыс өтілі-15 жыл. Бүгінде Мейрам Қажыкен "Заманауи қоғамды зерттеу институтын" басқарады.

Қазақ, орыс тілінен бөлек, ағылшын тілін меңгерген.

Айта кетейік, бұған дейін, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қазақстан президенттігіне өз кандидаттарын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990732-tagy-bir-qazaqstan-azamaty-prezidenttikke-kandidat-retinde-usynyldy/