Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Халық партиясы да президенттікке кандидат ретінде Тоқаевты ұсынды

Опубликовано:

партия
Қазақстан Халық партиясы. Фото: qhp.kz

Астанада Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XXI съезі өтті, оған республиканың барлық облыстарынан делегаттар қатысты. Күн тәртібінде 2022 жылғы президенттік сайлау науқанына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды саяси ұйымның Instagram парақшасы.

Қазақстан Халық партиясы да президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

"Қазір ішкі саяси ойындар мен қарсыластардың уақыты емес. Бірлік пен салқынқандылық керек. Сондықтан біздің партия саяси күштердің ішінде кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірінші болып қолдады. Бұл мәселеде біз ел мүддесін алға қоямыз", – деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Партия төрағасын оның бірінші орынбасары, "Қазақстан халық партиясы" парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров қолдады.

"Біздің саяси тұғырнамамыз бен сайлауалды бағдарламамыз қазіргі мемлекет басшысының саясатымен және жоспарларымен толық сәйкес келеді", - деп қосты ол.

Съезд қорытындысы бойынша ҚХП Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еске сала кетейік, бүгін Amanat партиясы да президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991370-qazaqstan-xalyq-partiyasy-da-prezidenttikke-kandidat-retinde-toqaevty-usyndy/

pixel