Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент сайлауы: Кандидат Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

Опубликовано:

Нұрлан Әуесбаев
Нұрлан Әуесбаев. Фото: Facebook/Нурлан Ауесбаев

10 қазанда Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында.

ОСК мәліметінше, лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтаған: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбы аясында көпшілік алдында сөз сөйлеуі.

Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытындылаған.

Отырыстың қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.

"Кандидат "Түркістан – ер түріктің бесігі" тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Жүсіпбек Аймауытұлының "Ақбілек" романынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Ана тілім – асыл қазынам" тақырыбында ойын ауызша жеткізді", - дейді Әділ Ахметов.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия бірауыздан шешім қабылдаған. Оған сәйкес, Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Айта кетейік, Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған еді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991942-prezident-sailauy-kanditat-nurlan-auesbaev-memlekettik-tilden-emtixan-tapsyrdy/

pixel