Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа үміткер": Талғат Ерғалиев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Опубликовано:

Талғат Ерғалиев
Талғат Ерғалиев. Фото: Facebook/Талгат Ергалиев

"Қазақстан құрылысшылар Одағы" Талғат Ерғалиевті Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Ол бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК мәліметінше, бүгін, 10 қазанда Талғат Ерғалиевтен "Қазақстан құрылысшылар Одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен ел президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін келесі құжаттар келіп түскен. Олар:

1. "Қазақстан құрылысшылар Одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Т.Ф. Ерғалиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден мен Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991990-zana-umitker-talgat-ergaliev-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-usynyldy/

pixel