Ақордада Ердоғанды қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: t.me/bort_01

Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Telegaram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ең алдымен құрмет қарауылының бастығы екі мемлекеттің басшыларына рапорт берген.

Қазақстан әнұраны шырқалып жатқан сәт
Қазақстан әнұраны шырқалып жатқан сәт. Фото: t.me/bort_01

Осыдан кейін Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі елдің әнұранын тыңдауда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі елдің әнұранын тыңдауда. Фото: t.me/bort_01

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркия президентінің Қазақстанға сапары аясында екі мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында тараптар өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды деп күтілуде.

Сондай-ақ СІМ Режеп Тайип Ердоғанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992359-aqordada-erdogandy-qarsy-alu-rasimi-qalai-otti-foto-video/