jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев туға байланысты Қоянбаев бастаған челленджді қолдап, желіде пікір қалдырды

    Қазақстан туы
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев желіде Нұрлан Қоянбаев жариялаған Қазақстан туымен байланысты челленджін қолдап, Instagram-да пікір қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұрлан Қоянбаев бастаған челлендж мақсаты Instagram желісінде жазылған пікірлер саны бойынша Гиннес рекордын орнату болатын.

    Айта кетейік, Қазақстан туы бар жазба 2020 жылдың 25 маусымында жарияланған. Содан бері Қазақстанның мемлекеттік туы жарияланған жазба астына 13 миллионнан астам адам пікір қалдырған. Бүгін Қазақстан туымен байланысты аталмыш флешмобқа ел президенті де қатысты.

    "Көк туымыз мәңгі желбірей берсін", - деп жазды Тоқаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың желіде қалдырған пікірі
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың желіде қалдырған пікірі. Скриншот: NUR.KZ

    Бұған дейін Қоянбаев әлемдік рекордты жаңарту үшін 100 миллионнан астам пікір жазу керектігін айтқан болатын.

    "Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің мемлекеттік туымыз әлемдегі ең танымал суретке айналады", - деген еді ол.

    Тоқаев туға байланысты Қоянбаев бастаған челленджді қолдап, желіде пікір қалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.